БІРЛІК – ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бір шаңырақ астында ондаған ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Сондықтан да болар елімізде этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлу күн тәртібінен түскен емес.

Қала берді, елімізде адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Осы бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпті көрген, аға буын өкілдері қатысқан түрлі басқосулар болып тұрады.  Сондай кезекті басқосу Шымкент қаласы аумағындағы Маятас тұрғын алабында жергілікті ақсақалдармен, белсенді тұрғындармен болды.  Кездесуге Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Д.Амангелдиев пен қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты.

Жиында аталған аумақта қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сияқты  мәселелер жан-жақты сөз болды. Басқосуға жиналғандар бірауыздан барлық қазақстандық межеленген мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлікті сақтау керектігін сөз етті.   Сондай-ақ Жолдауды іске асыруда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың және отанымыздың өркендеуінің берік кепілі болатынына сенімді екендіктерін айтты. Айта кету керек, үшінші мегаполисте бүгінде ондаған ұлт пен ұлыс өмір сүреді. Сәйкесінше, ырыс пен ынтымақты, бақ пен берекені орнатып, елдің дамуына қызмет ету үшін ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ететін мұндай шаралардың маңызы қашан да зор. Бірлік пен ынтымақты ту еткен мұндай кездесулер қалада ұдайы ұйымдастырылып келеді.