ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ МАСКҮНЕМДІК
Туберкулез — ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды. Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпенің жоғарғы жақтарында дамиды. 2-10 апта ішінде ағзаның иммундық жүйесінде микробактериялар тарайды және әрі қарай дамуын тоқтатады.
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?
Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Бактерия ауаны жұтқан адамдардың жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпесіне түседі. Осылайша туберкулезді жұқтыру процесі жүреді.
Манту сынамасы – туберкулездің алдын алу үшін жүргізілетін сынама. Ол:
1. Туберкулез микробактериясы алғаш рет жұққан және туберкулин сынамасы оң нәтиже көрсеткен адамдарды анықтау үшін;
2. Ауруды ерте анықтау үшін қолданылады. Оны 72 сағаттан кейін ісіну көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы анықтайды. Ісінудің білек осіне көлденең келетін мөлшері тіркеледі.
Маскүнемдік клиника
Маскүнемдік – медицина ұғымында спиртті ішімдіктерге салынып ішуден болатын ауру. Оның жедел және созылмалы түрі болады. Арақ асқазанда тез сіңіп, қанмен денеге тарап, ми жасушаларын уландырады да адамның көңіл-күйін өзгертіп, ұстамсыз ұшқалақтыққа душар етеді. Маскүнем орынсыз сөйлейді, мақтанады.
Алкогольді жүйелі тұтыну организмнің гомеостазын бұзып қана қоймай, бауырдың, мидың және ұйқы безінің уытты зақымдануларына, сондай-ақ адамның деградациясына, сынның және шарт бойынша өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жетелейді. Мұның бәрі асоциалды адамдармен жиі байланыста болумен бірге туберкулезге шалдығудың жоғары қаупіне даңғыл жол ашады. Бұрын туберкулезбен ауырған адамдар алкогольді жүйелі түрде шектен тыс тұтынғанда туберкулез үдерісінің (процесінің) рецидиві байқалады. Созылмалы маскүнемдіктен жапа шегетін адамдар көбіне профилактикалық тексерулерден бой тасалайды. Маскүнем адам дәрігерге өте кеш қаралады, өйткені өзіндегі дімкәстануды, әлсіздікті, вегетативтік бұзылыстарды бас жазу синдромының білінісі, ал жөтелдің пайда болуын шылым шегудің әсері деп есептейді.
Туберкулезі және алкоголизмі бар адамдардағы туберкулиндік сезімталдықтың теріс немесе төмен болуы мүмкін. Мұның үдемелі туберкулездің, сонымен қатар гиповитаминоздармен және диспротеинемиямен бірге алиментарлық бұзылыстардың зардабы болуы ықтимал. Оның бәрі алкогольді шектен тыс тұтынатын туберкулезге шалдыққан адамдардан деструктивтік (ыдырау) үдерістерін анықтауға жетелейді және маскүнемдік ықпалды ем жүргізуге бөгет болады.
Емі
Бұл науқастардың химиотерапиясы мұқият бақылауды қажет етеді. Олар амбулаториялық жағдайда нашар емделеді, өйткені дәрілік препараттарды жүйелі қабылдамайды. Стационарда арақ ішу, режимді бұзу және бұзақылық жасау науқасты емделуден ерте шығаруға, емнің үзілуіне және ондағы туберкулез үдерісінің одан арғы үдеуіне кейде себеп болады. Бұл науқастардың емін мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінде медициналық бақылаумен емдегені жөн.
О. Варисходжаев,
ТО ҚДБ «Облыстық фтизиопульмонология орталығы»
ШЖҚ МКК фтизиатр дәрігері