ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ТЕКСЕРУ КҮШЕЙДІ

Облыс аумағында жер қойнауын заңсыз өндіру деректері қарқынды түрде көбеюде. Осыған орай, Облыс әкімінің бастамасымен «Мобильді топ» құрылып, Түркістан облысы бойынша Экология департаментімен бірге облыс аумақтағы жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша  экология департаментіне түскен арыздар және аудандық полиция бөлімдерінен келген іс құжаттар негізінде, жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауын заңсыз пайдалану және мемлекеттік меншік құқығын бұзу деректері бойынша алдын алу шаралары жүргізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыстар атқарылуда.

Алдағы уақытта, Облыс аумағында жер қойнауын заңсыз өндіру деректері орын алған жағдайда, аудандық полиция бөлімдеріне хабарлау арқылы заң бұзушылық орын алған жердің көлемін және аталған жерге қатысты тұлғаларды толық көрсете отырып, әкімшілік шара көру үшін Түркістан облысы бойынша экология департаментіне жолдауыңызды сұрайды.