ҚОРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ 25 МЛРД-ҚА ТОЛЫҚТЫ
Құрылғанына көп бола қоймаған «Қазақстан халқына» қорының бүйірі ұлғайып келеді. Ағымдағы жылдың 20-қаңтарына дейін қорға танымал кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен қарапайым халықтан барлығы 19,5 миллиард теңге түскен болатын.Түскен қаржының көбін дәлірегі, 10 млрд теңгесі «Kaspi Bank» есебінен аударылған.
Осы аптада қордағы қаржы 25 млрд теңгеге толықты. Ақшаны Қазақмыс пен KazMinerals компаниялар тобы аударған. Қор басшысы Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорына 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек деген болжамын бөліскен болатын.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Таяуда Президент қорды құру туралы бастамасын қолдап, қаржы аударған бизнес өкілдеріне алғыс айта отырып « Мұның бюджет қоры емес, Қазақстан халқының қоры екенін тағы да қайталап айтамын. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рəсімдерсіз атқарылуы тиіс жəне батыл шешімдер қабылдануы керек. Көмек нақты, шұғыл жəне атаулы болуға тиіс. Ірі компаниялардың бəрі жыл сайын табыс салығының Үкімет белгілеген бөлігін пайдалы əрі қайырымдылық істермен айналысатын Қорға аударып тұрады. Бизнес қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды жəне жобаларды жүзеге асыруда Қорға көмектеседі деп үміттенемін»,- деп айтқан болатын.