СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨБІН ЕРЛЕР ЖАСАҒАН
Қазақстанда ішкі істер министрлігі, атқарушы орган мен мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа жиі барады.
Transparency Kazakhstan 2019-2020 жылдардың және 2021 жылдың 11 айында сот актілерінің банкінде жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1500-ден астам материалға талдау жасау кезінде осыны анықтаған. Ұйым жүргізген зерделеу жұмыстары кезінде пара арқылы мұртын майлағысы келетіндердің 83 пайызы ер азаматтар екен. Олардың басым бөлігі 26-39 жас аралығындағы ер азаматтар екені белгілі болған. Ал жеңіл жолмен қалтасын қалыңдатуға арланбаған төмен етектілердің жас шамасы 22-62 жас аралығын қамтыған. Қазақстан бойынша пара алудың көп тіркелуі Алматы облысы, Шымкент, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында анықталған.
Ал қарапайым халық арасында ауызбастырық алуға жұмыссыздар, жүргізушілер, кәсіпкерлер, жалдамалы жұмысшылар мен компания директорлары көп қатысқан.