ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 20 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Шымкентте құрылысы осы жылға өтпелі болған төрт мектептің құрылысы жүргізілуде. Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан салынып жатқан сол мектептердегі жалпы орын саны 1920-ға жетеді. Олар «Тұран» шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысы. Шілде айында аяқталатын нысанның құрылысын «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. 

Бүгінде нысанның қыш қалау жұмыстары толығымен аяқталған. Плита жабындыларын қою жұмыстары да аяқталуға шақ қалған. Шатырын жабу жұмыстарының көбі бітіп, азы қалған. Ғимаратттың ішін әрлеу жұмыстары жартысына жеткен. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отырған кезекті нысан «Тоғыс» тұрғын алабындағы №120 мектептің жанынан салынып жатқан қосымша 300 орындық мектептің де құрылысы қарқынды. Сондай-ақ, «Сайрам» тұрғын алабындағы 300 және 120 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы да кестеге сай орындалуда.
Биыл Шымкентте жалпы саны 32 мектеп құрылысы жүргізілуде. Оның 12-сі мемлекеттік, 20-сы жекеменшік. Жыл соңына дейін 20 білім ұясы пайдалануға беріледі.
Биыл қалалық құрылыс басқармасымен 8 мектептің құрылысы басталады.