Қарияны ғасыр жасымен құттықтады
Ұлы Отан соғысының ардагері, шымкенттік Халел Атантаев ақсақал 100 жасқа толды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.
Ғасыр жасаған ардагер әлі де тың. Қала басшысы қадірменді қарияға сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.
Халел Атантаев 1920 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң әскер қатарына шақырылып, көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Ол Батыс фронтында ұрыс майданына қатысып, жер үшін, ел үшін күресте жауға тойтарыс берді. 1948 жылы елге оралған соң Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде қызмет атқарды. Бүгінде 3 ұл мен 1 қыз, 10 немереден 4 шөбере сүйіп отыр.
Халел қария Еңбегіне лайық марапаттарға ие болған қадірменді жан.