ӨКПЕНІ ТАЗАРТУ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА
Дөңгеленген дүниеде жыл сайын 17 миллионға жуық адамға өкпе қабынуы яғни, пневмания диагнозы қойылады. Биыл аурудың мұндай түріне шалдыққан адамдар саны жылдағыдан анағұрлым көп болғаны белгілі.
Себебі осы жылы пневмания коронавируспен қатар өрши түсті. Биыл өрши түскен пневманияның жылдағы өкпе қабынуы сырқатынан айырмашылығын мамандар аурудың пайда болуына пневмакокк, стафилококк сынды патогенді бактериялар емес, патология өкпе тініне вирустар мен бактериялардың енуіне байланысты дами түскенімен түсіндірді.
Өкпенің қабынуы деп түсіндірілетін пневмания коронавирус, тұмау, кей жағдайда суық тиюден болатын вирустық инфекциялардан туындауда. Қазіргі пневмания коронавирус инфекциясының көрінісі болып отыр.
Аурудың бұл түріне көп жағдайда екі жасқа жетпеген балалар, жасы 65-тен асқан азаматтар және иммунитеті төмен адамдар шалдығады. Аурудың дамуы суық тию, вирустық ауруға шалдығу, иммунитетті түсіретін дәрі қабылдаумен тығыз байланысты.
Бұл өз алдына бөлек тақырып, десе де алдын алу шараларын берік ұстанып, өкпе қызметін жақсартатын жолдарды жасап жүрген артық болмайтынын біле жүрейік. Соның бірі өкпені тазарту әдістері.
Өндірісінің түтіні түзу шыққан, жолдарда автокөлік нөпірі көп қалаларда мекен ететін адамдардың өкпе тыныс алу жолдарының ауруларына шалдығу қаупі жоғары болатынын белгілі. Қоршаған ортаны ластайтын зиянды эмиссияларды болдырмауда біз көп жағдайда дәрменсіз болғанымызбен, оның кері әсерінен аз да болса қорғануға болады. Ол үшін төмендегідей бірнеше әдістермен өкпені тазартып тұрудың өзі жеткілікті.
Жеңіл тыныс алу жаттығулары арқылы өкпені тазартуға болады. Ол үшін терең тыныс алыңыз. Содан соң, деміңізді ішіңізде бірнеше секунд ұстап тұрып, ерніңізді жиырып, іштегі ауаның бір бөлігін қатты күшпен сыртқа шығарыңыз. Одан соң ауа жұтпай, іштегі қалған ауаны тағы 2 секунд ұстап тұрыңыз. Сосын тағы да кішкене ауаны күшпен шығарып, қалғанын ұстап тұрыңыз. Осылайша іштегі ауа таусылғанша қайталау керек.
Темекі шегетіндер бұл жаттығуды күніне 3 рет, ал шекпейтіндер 1 рет жасаса жеткілікті. Тыныс алу жаттығуын таңертең далада не ашық терезенің алдында жасаса әсері зор болатынын біле жүріңіз.
Емдік шөптердің де өкпеге берер пайдасы көп. Тыныс жолдарының созылмалы сырқатына шалдыққандар үшін өкпеден қою қақырықты шығару мұң екенін көп адам түсіне бермейді. Міне сол қақырықты тез шығатындай етіп сұйылту үшін емдік шайлар жақсы септігін тигізеді. Айтпақшы, мұндай қиындықпен тек тыныс алу жолдарында созлылмалы сырқаты бар адам ғана емес, темекіні тастай алмай жүрген шылымқорларда бастан өткеретінін айта кетейік.
Моншаға түсіп, көңіл-қошыңызды бабына келтіру арқылы да өкпені тазартуға болатынын естіп пе едіңіз?! Әсіресе, қайың сыпыртқысымен денені біраз сабалап алса, тыныс жолдары ашылып, өкпеде оттегінің айналуы жақсарады. Мұны оқып, орыстардың бір білгені бар екен ғой деген боларсыз.
Өкпеңіздің өз қызметін дұрыс атқаруын тек өзіне жүктеп қоймаңыз. Өзіңіз оған жәрдем көрсетіп, жоғарыдағы үш әдісті бір-бірімен үйлестіре қолдануды әдетке айналдырыңыз. Яғни, күнделікті таңертең ұйқыдан оянғанда тыныс алу жаттығуларын жасап, демалыс күндері ыстық моншаға бет алыңыз, ал апта бойына шөп шайларды ішіп жүріңіз.