А. Шпекбаев үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді
Шымкентке іс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Shymkent» ӘКК алаңында орналасқан мемлекеттік қолдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай орталығымен таныстырды.
«Бизнес супермаркет» және «E-Commerce Center» электронды коммерция орталықтарының жұмысымен танысқан Агенттік төрағасы оң бағасын беріп, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.
Орталықты таныстыру барысында «Shymkent» ӘКК төрағасының орынбасары Л.Бобрышев «Бизнеске арналған Үкіметтің» қолжетімді 6 мамандандырылған қызмет аймағының функцияларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Мемлекеттік қызмет, өткізу; қаржыландыру, құқықтық сүйемелдеу, құзырет, сандық қызметтер сынды аймақтар цифрландыру-сыбайлас жемқорлық көріністерінен ада ортаны қалыптастырудың негізгі көмекшісі, сондай-ақ, «цифрландыру» азаматтарға үйден немесе жұмыстан шықпай қызмет алуға қолайлы жағдай жасайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.