«ҰЛТТЫҚ СПОРТ БАРДА ЖҮРЕМІЗ ТЕК АЛДА!»

Тарихқа үңілсеңіз, әр елдің кемел келешекке ұмтылу жолындағы ізденістері әртүрлі. Әлем мойындаған, тарихи тамыры мықты, жасампаз ұлтқа айналу – сол мемлекетті құраушы кез келген халықтың арман-тілегі. Осындай үлкен жауапкершілік, ұлы мұраттар жолында жаңа идеялар бой көтереді, ізденістер мен жаңаша мақсат-мүдделер тоғысады. Елбасымыздың сарабдал саясаты ұлтты тағы бір мәрте марқайтты. Ұлттық идея қазақстандықтарды бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы секілді ұлы мұраттар жолында тоғыстырды. Ендігі жерде Қазақстан халқы «замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыруға» ұмтылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жобасының «Ұлттық спорт» бағдарламасы аясында қала және ауыл тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында 2018 жылдың 18-19 тамыз күндері Хантағы елді мекені А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінде тоғызқұмалақтан Кентау қаласының ашық чемпионаты өткізілді. Жарыс нәтижесінде жүлделі орын алған командалар тиісті дәрежедегі дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.