ӘДЕП УӘКІЛІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы ауданымызға арнайы іссапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді.
Семинарға, аудан әкімінің орынбасары Жанесен Марат Сүгірәліұлы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, поселке әкімдері, аудандық аурухана басшысы, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, СВА, ФАП меңгерушілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Әмірдин Мұхиденұлы жергілікті атқарушы органдарда Әдеп кодексі талаптарының орындалуы туралы қысқаша баяндамасын жасап, ауданымызда жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысына тоқталып, талқылап өтті. Семинарға қатысушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, әдеп уәкілі тарапынан тұщымды жауаптар алды.Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, Әмірдин Мұхиденұлына ауданымызға арнайы ат басын бұрып, семинар өткізгені үшін ауданның мемлекеттік қызметшілері атынан алғысын білдіріп, семинарға қатысушыларға мемлекет мүддесі жолында атқарып жатқан еңбектеріне сәттлік тіледі.