ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгінде тұрғын үй, коммерциялық нысандар және басқа да жылжымайтын мүлік түрлерін сату, сатып алу үшін ұсыну немесе инвестициялау мақсатында жылжымайтын мүлік жәрмеңкелері ұдайы өткізіліп келеді. Осы орайда, Шымкент қаласында «Отбасы банк» ұйымдастырған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі 2 күнге созылды. Ауқымды шарада жетекші құрылыс компаниялары мен банк кеңесшілері бас қосып, келушілерге тиімді шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндігін ұсынды.
Жәрмеңкеге «OKS Group», «Kanfar Building», «Otau Group», «Базис-А», «BATSU Group», «Orda Invest», «House Develop», «01 KZ Building», «Галерея новостроек», «KEREGE Group», «Capital Invest Management», «А.Р.Т.–Құрылыс», «Aulet Group», «Pioneer Group», «Dis Construction», «BKN Group» («Бақсарай» ТК), «Satu Ordasy», «Royal Style City» сынды елге белгілі құрылыс компаниялары қатысты. Шара аясында келушілер ұсынылған пәтер нұсқаларымен танысып қана қоймай, «Отбасы банкінің» кеңесшілерінен толыққанды ақпарат алып, төлем жолдарын есептету, тіпті сол жерде-ақ несиеге алдын ала рәсімдеу мүмкіндігін де пайдаланды. 2025 жылдың басынан бері «Отбасы банкінің» Шымкенттегі бөлімшелерінде 15 989 жаңа депозит ашылып, 1 010 қала тұрғыны қоныс тойын атап өтті. Мұндай сұраныс тұрғын үй заемдарының қолжетімді пайыздық мөлшерлемелерімен түсіндіріледі. Банк арқылы пәтер сатып алушылар 3,5 пайыздан бастап 8,5 пайызға дейінгі несие алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ жәрмеңке аясында «Наурыз 2025» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары бойынша да кеңестер берілді. Бұл бастамалар еңбек етуші азаматтарға қолайлы баспана табуға жол ашты.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Qamqor» тұрғын үй бағдарламасына да ерекше назар аударылды. Аталған бағдарлама аясында дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, мемлекеттік қызметкерлер мен шығармашылық саланың өкілдері 10 пайыз бастапқы жарнамен және жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен 20 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй несиесін рәсімдей алады.