САЛАЛАРДАҒЫ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ САРАЛАНДЫ

Ордабасы ауданында бірқатар салаларда тың бастамалар көтеріліп, сәтті жүзеге асып келе жатыр. Атқарылған жұмыстар жайымен аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы танысып, қажет тапсырмаларды жүктеп келе жатқанын да айта кеткеніміз жөн. Өзгесін былай қойғанда, аппараттық мәжілістің өзінде түрлі салаға жауапты мамандар есеп беріп, елдің мәселесін шешу, экономиканы өркендету бойынша жүзеге асқан жұмыстар жайын тарқата баяндап келеді. Жуырда дәл осындай аппараттық мәжіліс өткен еді. Тарқатайық…

Жиынның күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева ағымдағы жылдың 8 ай көлеміндегі бюджеттің кіріс бөлігінің болжамы, салық қарыздарының өндірілуі жөнінде баяндама жасап, кірістер басқарамасы мен ауыл округ әкімдері тарапынан жүйелі, нақты жұмыстар жүргізілмеуінен салық түсімдерінің толыққанды орындалмау қауіпі бар екендігін мәлімдеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің жоспарларының орындалауын баяндады. Мәжілістің бектілген жоспарына сәйкес, екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кадиев Бөржар, Шұбарсу, Бадам ауыл округтеріндегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалу барысындағы орын алған кемшіліктерді сөз етті. Жиында аудан әкімінің орынбасарлары Мейрамбек Ақмұратов, Қыдырбай Сейітқұл, Олжас Болатханұлы жетекшілік ететін салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Аудан әкімі мәжілісті қорытындылап, бюджеттің кіріс бөлігінің, салық түрлерінің толыққанды орындалуы бойынша кірістер басқармасымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуді, бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуін қамтамасыз етуді, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын салалық орынбасар мен жауапты бөлім басшыларына тапсырып, күнделікті қадағалау қажетін ескертті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынның орындалуы әрбір елді мекендерде сапалы жүргізілуін, жазғы маусымда егілген ағаш, гүл көшетерінің суғарылуын аудан әкімі аппараты инспекторлары күнделікті қадағалап мәлімет ұсынып отыруын міндеттеді. Сонымен қатар қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер ететін факторлар орын алған жағдайда алгоритим бойынша шұғыл жұмыс істеуді тапсырып, мәжілісте айтылған мәселелердің барлығын хаттамаға енгізіп, орындалуын қатаң бақылау бойынша тапсырмалар берді.