ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Соңғы уақыттағы ең өзекті мәселенің бірі – зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі. Осы орайда, елімізде аталған құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түрлі шаралар өткізіліп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді.
Осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінде жергілікті атқарушы органдар мен бірқатар жауапты мамандардың қатысумен дөңгелек үстел өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкім аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура, «AMANAT» партиясының хатшысы, қалалық мәслихат депутаты, Ұлттық комиссиясының мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы, Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек мобильділігі орталығы, Денсаулық сақтау басқармалары мен Жастар ресурстық орталығынан келген мамандар қатысты.
Сала мамандары жиын барысында акция аясында бірлескен жұмыс жоспарын түзіп, жұмыс атқару мақсатында ұсыныстарын жеткізді. Айта кету керек, орын алып жатқан келеңсіздіктермен күресте жалпы қоғамның бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Міне, сонда ғана өзгенің құқығына қол сұғатындардың қатары азайып, әділетті қоғам орнайды.