ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне қатысты жоғары талаптар қояды. Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Шәкір Сұлтанхан әдеп жөніндегі уәкілдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы рөлі турасында тарқата айтып берді.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан мемлекеттік қызмет атқаруға қатысты ерекше сенім білдіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы мен қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған шараларды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру, айқындалған уәкілеттік шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру бойынша шаралар қабылдау функцияларын атқару мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдердің институты құрылып, бүгінде қызмет атқарады.
Өз кезегінде, осындай маңызды функцияларды жүктеуде мемлекеттік қызметшінің лауазымы, ұжымдағы оның құрметі ескеріледі. Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функцияларын іске асыру барысында өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган ұжымында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну уәкілеті белгіленген.
Функциялар шегінде әдеп жөніндегі уәкіл институтының маңызды бағыттарының бірі — мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның қызметшілерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелерін түсіндіру және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында өзге де қызметтерді ұйымдастырады.
Профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізуден бөлек, әдеп жөніндегі уәкіл функцияларында өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган ұжымында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру және ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу қарастырылған.
Егер, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшысының тарапынан тиісті шараларды қолдануда әрекетсіздік танытқан жағдайда не болмаса әдеп жөніндегі уәкілге өзіне жүктелген функцияларын орындауда кедергі келтіретін әрекеттерге жол берілген жағдайларда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне немесе оның аумақтық департаменттеріне хабарлауы тиіс. Бұл жағдайда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті әдеп жөніндегі уәкілден келіп түскен хабарламаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті шараларды қолданады.
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді, жеке және заңды тұлғаларды белгіленген функцияларына сәйкес жеке қабылдауды жүзеге асырады. Өз кезегінде, жеке қабылдау заңнамамен тыйым салынбаған форматтарда өткізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бүгінде, әдеп жөніндегі уәкілдер азаматтардың сұрақтары бойынша дәстүрлі форматтағы жеке қабылдауларды жүргізуден бөлек, әлеуметтік желілердегі және жергілікті телеарналарда «тікелей эфир» форматындағы функционалдарын қолдана отырып та өзіне жүктелген функцияларына жататын мәселелер бойынша қабылдауларды өткізуде.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні және әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, байланыс телефондары мен жеке қабылдау жүргізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде және интернет-ресурстарында орналастырылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл институтын нығайту арқылы, мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімінің өсуіне, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға қол жеткізе аламыз.
Бүгінде Шымкент қаласында жалпы 28 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін атқаруда. Оның ішінде 1 әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы Шымкент қаласы әкімі аппаратында енгізілген. Сонымен бірге, мұндай функцияларды қосымша жүктеме ретінде аудан әкімдіктерінде және аумақтық департаменттерде 27 қызметші атқарады.
Ағымдағы жылдан бастап жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» байқауы жаңаша форматта ұйымдастыру бастау алды. Атап көрсеткенде,
Осы күндері аудан әкімдіктері және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерде дербес әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын қызметшілер арасындағы конкурстан бөлек аталған функциялар жүктелген әдеп жөніндегі уәкілдер арасында өңірлік деңгейде конкурстар өтеді. Осылайша, қайта форматталған байқау биылғы жылы Шымкент қаласында алғашқы рет өткелі тұр.
Өңірде аудандық әкімдіктерде және аумақтық департаменттерде әдеп жөніндегі уәкілдердің функциялары жүктелген қызметшілер арасында өтетін «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсына құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастау алды. Құжаттарды қабылдау мерзімі бесінші маусымға дейін жүргізілді. Байқаудың шарттары мен өткізу тәртібі туралы әлеуметтік желілерде және аудандық әкімдіктер мен аумақтық департаменттерге жолданды.
Конкурс әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын халық арасында кеңінен насихаттау, әдеп жөніндегі уәкіл туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіру және ынталандыру, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсаттарын көздейді.
Конкурс жеңімпазын анықтау үшін арнайы конкурстық комиссиясы құрылып, аталған комиссия конкурсанттарды бағалаудағы негізгі критерилерінің қатарында мемлекеттік қызметте адалдық, адал ниеттілік, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарын іске асыруға бағытталған шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыс нәтижесі кіреді.
Бұл, өз кезегінде, әдеп жөніндегі уәкіл институтын нығайту арқылы мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімінің өсуіне, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын бұзу жағдайларының алдын алуға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылатынына сенеміз.