ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАША ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?
Ағымдағы жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге.
Еңбек және халыты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды. «2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады» делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, министрліктің хабарлауынша, егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.