ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАПТЫ ҰМЫТПАҒАНЫ АБЗАЛ

Қапырық әрі ыстық күндер артта қалды. Алда қылышын сүйреткен қыс мезгілі келе жатыр. Қалада жылу беру маусымына тиісті мекемелер қызу дайындықты бастап та кеткен. Нақтырағы, бүгінгі таңда қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйлердің 91 пайызы жылу беру маусымына дайын. Яғни бұл үйлер толығымен сығымдаудан өткен.

Атап айтар болсақ, 419 көпқабатты үйдің 377-сі немесе 90 пайызы, Әл-Фараби ауданында 613 үйдің 552-сі немесе 90 пайызы, Еңбеші ауданында 533 үйдің 485-і немесе 91 пайызы, Қаратау ауданында 422 үйдің 389-ы немесе 93 пайызы жылу беру маусымына дайын. Дайындық жұмыстарын тұрғындармен келісімшарт жасасқан коммуналдық мекемелер жүргізуде.

Өткен жылдардағы жылу беру маусымы көрсеткендей, дайындық жұмыстары мерзімінде жүргізілген көпқабатты үйлерде ақаулар орын алмаған, тұрғындар сапалы жылумен қамтылған. Үй ішіндегі жылыту батареялар іші су өткізу көрсеткіші маңызды. Тозығы жеткендерін ауыстыру, ішкі құбырлардың жылу өткізгіштігін тексеру тұрғындардың (ОСИ, ПТ) жауапкершілігінде. Көпқабатты тұрғын үйлердің орталық магистралдан келген жылуды толық пайдалану көрсеткіші, тұрғын үйдің ішкі жүйесінің тазалығына байланысты. Сондықтан тиісті мекемелер тұрғындарға қыс маусымына дайындық ісіне баса назар аудару керегін ескертеді.