БАЛЫҚ АУЛАУҒА БАҒЫТ АШЫЛДЫ

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» аумағында балық аулауға рұқсат берілді. Суға қармақ салуды жаны сүйетіндердің назарына ұсынылған бұл хабарландыру парк әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Шілде айында берілген рұқсат тек әуесқойлық мақсатта балық аулайтындарға қатысты екенін еске салайық. Туризм табысты сала. Бұл ретте су туризмінің бір тармағы саналатын әуесқойлық балық аулауға жол ашып, оны дамыту өңір экономикасына серпін беретіні сөзсіз.
Айта кетейік, парк аумағында спорттық және әуесқойлық балық аулауға берілетін жолдама алу үшін «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» Шымкенттегі бас ғимаратына (Ғ. Иляев кқшесі 24/1) келу қажет.
Ұлттық парк аумағында жолдамасыз, заңсыз балық аулап, қармағын майлағысы келгендерге әкімшілік айыппұл салынады. Немесе қылмыстық іс қозғалады.