САУРАНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылысы жүріп жатыр. Сәулет нысаны кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған. Қазірде ғимарат құрылысының қолға алынуымен қатар, аумағын абаттандыру жұмыстары да қарқын алған.
Нысан аумағында қонақтарға арналған демалыс орындары мен арнайы автотұрақ бар. Сонымен қатар кешеннің әкімшілік ғимараты, «Жүсіп ата» тарихы және «Өңір тарихы» музейі орналасады. Сапар орталығында кітаптар, ауыл тарихын көрсететін мәліметтер мен суреттер қоры жиналып жатыр. Былтыр сәуір айында басталған құрылыс аяқталуға шақ қалған. Болашақта Жүсіп ата кесенесі Түркістан өңірінің туристік маршрутына енбек.