ҚАҢТАРДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАМЫЗ?

Алдағы қаңтар айында қазақстандықтар 13 күн демалады. Жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан аптаның жұмасына түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні. Ал 2022 жылдың 1 және 2 қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жылды атап өтеді.

Күнтізбедегі қызыл түске боялған бұл күндер аптаның сенбі және жексенбісіне түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады. Қатарынан төрт күн демалған соң, 5 және 6 қаңтарда жұмысқа барады.  Ал 7-қаңтар – Рождество мерекесінде тағы демалады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін отандастарымыз келер жылдың қаңтарында 13 күн демалады (1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 15, 16, 22, 23, 29, 30 қаңтар), аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн (1, 2, 3, 7, 9, 16, 23, 30 қаңтар) демалады.