БАҒБАНДАР ЕҢБЕГІ БАЯНДЫ
Түлкібас – дәмі тіл үйірер алмасымен ерекшеленеді. Ауданның климаты алма өсіруге қолайлы екені белгілі. Осы мақсатта ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында бау көлемі артқан. Қазіргі таңда Түлкібаста 3077 гектар бау алқабы бар.
Барлығы 76 агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтарының көпшілігі алманың «Гала», «Фуджи», «Голден делишес», «Стар Кримсон», «Легалина», «Айдарет» сынды сұрыптарын өсіреді. Бағбандар биыл 25 мың 600 тонна алма жинап отыр. 2018 жылы ауданда 25150 тонна алма өндіріліп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жеткен. 2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты диқандар 20000 тонна алма жинаған. 2020 жылы түлкібастық шаруалар рекордтық көрсеткішті жаңартып, 33 мың тоннаға жуық алма өндірген.
Айта кетейік, аудан аумағында қыс мезгілінде алма сақтайтын сыйымдылығы 12500 тоннаны құрайтын 7 жеміс-жидек қоймасы жұмыс істейді. Бұл қоймалар Түлкібастың брендін жылдың төрт мезгілінде қолжетімді бағада елге ұсынуға мүмкіндік береді.