ДИҚАНДАР 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ЖИЫП ҮЛГЕРДІ

Жер сырын, егін мәнісін жақсы білетін жетісайлық диқандардың жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызғаны хабарланған болатын. Енді көктем мезгілі әлі келмегеніне қарамастан диқандар қаңтарда еккен өнімін жиып-теруге кірісіп жатыр.

Жылдар бойы қырыққабат өсіруді қолға алып келе жатқан аудандағы Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан «Шаблан» шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол есімді шаруа иесі болса 50 тонна өнім жинаған. Шаруалар алынған өнімдерін жергілікті базарларға өткізіп қана қоймай, республика аумағына жөнелткен.
Айта кетейік, Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған.