ТҰРАШБЕКОВТЕН ТІРЛІК АРТЫЛҒАН БА…

Редакциямызға көше тазалығына қатысты тағы бір шағым келіп түсті. Бұл жолғы шағым иесі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының бір топ тұрғындары. Ауылдағы Т. Айбергенов көшесі күл-қоқыстан аяқ алып жүргісіз күйге түсіпті. Көшедегі тұрмыстық қалдықтарды алып кетуге «Жаса-4» мекемесі жауапты екен. Осыған дейін бұл көше мұндай мәселемен бетпе бет келмеген. Себебі, аталған мекеме аптасына бір рет қоқысты алып кететін болған. Бірақ бір айдан бері бұл үрдіс бұзылып, жұмысшылар 2-3 аптада әзер келетін жағдайға жеткен.

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бұл мәселені назарға алып, мәселені шешуде өз аттарына өзге әкімдіктегілер сынды кір жұқтырмаудың барлық амал-әрекетін жасап бақпай, ың-шыңсыз атқарады деп сенім білдіреміз.

«Уақыт».