Маңызды

Сапалы қызметтерін елге арнаған жандар

Қайсыбір мекеме, өндіріс, орталық болмасын халыққа сапалы қызмет жасау бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда біз Соақ ауданы, Таукент кентінде орналасқан «Қазақстан халық банкі» мекемесінің бөлімшесінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы соқтық. Бізді ең алғаш осы бөлімшеніңң күзет қызметі қарсы алды. Олар бүгінгі күні елді елеңдетіп отырған короновирусқа байланысты бет пердеміздің бар екендігін көрген соң ішке кіргізді. Ішке енгенімізде бірден келушілерге деген құрметті сезіндік. Таза, салқын жарқыраған қызметтік бөлмелері банк бөлімшенің ажарын аша түсті. Банк қызметкерлері келушілерге қызмет етіп жатыр.

 

Келуші азаматтар түрлі қызмет түрлерін қалауынша пайдаланып тиісті құжаттарын ұсынуда. Осы тұста банк түсінігіне аздап тоқтала кетсек.

— Банк біздің ұғымызда ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. «Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Банктік операцияларға мыналар жатады: заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу; заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау; аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау; есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру; заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу; сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару; клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау; сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру; ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру; төлем карточкаларын шығару; банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру; төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын); чек кітапшаларын шығару; бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау; ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру; үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру-дейді бөлімше басшысы Балдәурен Мейрамбекұлы.

Бізді банк бөлімшесінің қызметкері Мейрамбекұлы Балдәурен банк жүйесімен барынша жүйелі таныстыруға тырысты. Отбасында жұбайы Айжан екеуі Жанерке, Бекарыс, Ақмарал, Балауса атты алтын асықтай ұл-қыздарды тәрбиелеп, оқытып оларға ел ертеңінінің анық азаматы болу үшін білімді бол керектігін жиі айтып отырады. Айжан «Сауран» ЖШС-інде қаржы маманы. Балдаурен бізге өзінің жауапты қызметкер, білікті маман екенін көрсетті. Бөлімшеде сондай-ақ аға менеджерлер Ергешова Жібек Сырбайқызы, Тәйтіков Марат Дәулетұлы, аға кассир Құттыбаева Орынкүл Жұмаділдақызы сияқты білікті мамандар кент халқына қалтқысыз қызметтерін көрсетуде екен.

Татымды тірліктері мен сапалы қызметтерін Таукент жұртшылығына арнап отырған ынтымағы берік ұжымның берекелі тірлігіне риза болып қайттық.

 

Мақсат Қарғабай.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру