ТӨЛЕБИДЕГІ СПОРТ КЕШЕНІ ТАЛАЙ ЖАСТЫ СПОРТҚА ТАРТАДЫ

«Басты байлық – денсаулық. Ал деніміздің сау болмағы өзімізге байланысты. Адамның дені сау болмағына дәрігерлер 10-15 пайыз ғана әсер ете алады. Ал қалғаны адам баласының өзіне байланысты. Сондықтан да спортпен шұғылданыңыздар».

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы, Леңгір қаласында мемлекеттік жекешелік әріптестік бойынша пайдалануға берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында осылай деді.
Халықаралық талаптарға сай бой көтерген кешенде жастардың бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануына тиісті жағдайлардың барлығы жасалған. Онда бір мезетте 1400-ге жуық жас футбол, волейбол, бокс, күрес түрлері мен үстел теннисі ойындарымен кәсіби түрде шұғылданып, жаттыға алады. «Жастар жылына» орай бой көтерген бұл нысанның құрылыс жұмыстарын «Аслай» компаниясы жүргізген. Кешеннің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев та қатысты.

М. ӘБДІРАЙЫМ.