Маңызды

3D ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ жолағы қауіпті ҚЫСҚАРТАДЫ

Былтыр Шымкентте жасспірімдердің қатысуымен
9 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Хабар-24» арнасы таратқан дерекке сүйенсек биыл қаңтардан 25 мамырға дейінгі көрсеткіш бойынша үшінші мегаполисте жасөспірімдердің қатысуымен бірде бір апат орын алмаған. Мамандар бұл шаһардағы 142 білім беру орындарының әрбіріне ювеналды полиция инспекторының бекітіліп, оқушылардың сабаққа келіп кетуі қатаң бақылауға алынғандығының жарқын жемісі деп біледі.
Өз кезегінде инспекторлар күнделікті таңертеңнен қара кешке дейін мектептердің алдында орналасқан жаяу жүргіншілер жолағында оқушыларға қызмет көрсетіп тұрады. Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері мұндай жоба әзірге тек үшінші мегаполисте ғана қолға алынғанын мәлімдеуде.
Десек те апатты алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын тоқтатып қоймай, оны ары қарай жалғастыра түсу керек. Осы мақсатта «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен 3D форматындағы алғашқы жаяу жүргінші жолы пайда болды.
Еліміз бойынша алғаш рет Шымкентте қолға алынған мұндай форматтағы жаяу жүргінші жолы көлік ағыны қалың әрі жаяу жүргіншілер легі көп Т. Айбергенов көшесіне орнатылды. Оның басты ерекшелігін «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов «Шымкент — жол қозғалысы өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берген»,- деп атап өтеді.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру