Маңызды

ҚАРАТАУ АРҚАРЫ ФОТОТҰЗАҚҚА ІЛІКТІ

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі фототұзаққа Қаратау арқарлары ілікті. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдейді. 

Қазіргі таңда Қаратау арқарының саны тым аз. Барлығы 100-150-ден аспайды. Саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Айыр тұяқты сүтқоректі аң ұлттық парк аумағының тек Түлкібас филиалында мекендейді. Аталмыш жануарлар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына күзде қыстауға, көктемде төлдеуге келеді. Мамыр айының соңында жазғы жайылымға қоныс аударады. Көктемгі санақ бойынша ұлттық паркте шамамен 75 Қаратау арқары мекендейді. Олар бұталар мен шөптесін өсімдіктердің 70 түрімен қоректенеді.
Айта кетейік, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына Түркістан облысының Төлеби, Түлкібас және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. 2006 жылы ұйымдастырылған ұлттық парктің аумағы 149 мың га құрайды.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру