Маңызды

БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ

Соңғы кездері әлеуметтік желілерден балабақшада орын алып жатқан неше түрлі видеожазбалардан кейін ата-аналардың қорқып, уайымдап қалғаны рас. Кішкентай бүлдіршіндердің балабақшада аман-есен жүруі, ата-аналардың сенімді болуы үшін аталған ұйымның жұмыстары талапқа сай болуы шарт.

Ал біздің елімізде балабақшаға қатысты арнайы талаптар қандай? Өкінішке қарай, бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың бірыңғай талаптары жоқ. Керек десеңіз, балабақша ашылғанда қандай жағдай жасалғанын, кімдерді жұмысқа алғанын, материалдық-техникалық жабдықталуын ешкім тексермейді.
Жалпы, елімізде 11 мыңға жуық балабақша бар, оның 5 мыңнан астамын жекеменшік құрайды.
Қазіргі таңда балабақшаларды лицензиялау мәселесі жұртшылық арасында белсенді талқылануда. Жұртшылықтың пікірі екіге жарылды. Біріншісі, балабақшаларды тез арада лицензиялауды бастаған дұрыс, өйткені балалардың құқықтарын бұзуға жол бермеу керек деп есептейді.
Ал екіншісі мемлекет лицензиялауды енгізе отырып, мектепке дейінгі білім беруде жеке бизнестің дамуына кедергі келтіреді, лицензиялау жекеменшік балабақшалардың жабылуына әкеледі деп санайды.
Негізінен мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қойып отырған жоқ, лицензиялау мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға да бірдей жүргізіледі.
Мемлекет балабақшаларды қолдап отыр. Айталық, биыл мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 300-ден астам балабақша ашылды, олардың жартысынан көбі — жекеменшік, оның 140-ы — он мыңнан астам орынға қазіргі таңда ашылды.
Балалардың құқықтарын қорғауды, олардың балабақшаларда қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді қаласақ, балабақшалар аттестаттау жүйесі арқылы тексерілуі керек. Лицензиялау тексеру тетігі ретінде 2011 жылға дейін жүргізіліп келді.
Лицензия балабақшаны ашу кезінде балалардың жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.
Оған қойылатын талаптар мынадай:
— бейнекамералардың;
— оқу материалдарының болуы;
— санитариялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі;
— меншікті немесе жалға алынған ғимараттың болуы;
— өртке қарсы, санитарлық нормалар;
— топтардағы балалар саны бойынша нормалар;
— педагогтардың біліктілігі бойынша нормалар;
— оқу және ойын алаңдарына;
— балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларына;
— денсаулыққа, медициналық қадағалау;
— тамақтану.
Тағы бір айтатын мәселе, жекеменшік мектептер мен колледждер де лицензияланады. Сонымен қатар, олардың саны 3 жыл ішінде 3 есеге жуық артты, бұл біліктілік талаптарының орындылығын дәлелдейді.
Мәселен, көптеген елдерде мектепке дейінгі ұйымдар лицензияланады немесе аккредиттеуден өтеді. Германияда барлық балабақшалар лицензияланған, Австралияда лицензия ұлттық сапа кепілдігі негізінде беріледі және талаптар мемлекетке байланысты өзгеруі мүмкін. Канадада, АҚШ-та, Португалияда, Ресей Федерациясында да лицензиялау қолданылады. Тіпті мынау көршіміз Қырғызстан Республикасында да лицензияны тек жекеменшік балабақшалар алады.
Жалпы, мемлекет балабақшаларды лицензиялауды кезең-кезеңімен енгізгелі отыр. Бұл ретте балабақшадағы жұмысы сапалы жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге қорқатын ештеңе жоқтығын айтқым келеді.

Сонымен, мектепке дейінгі білім беруді кезең-кезеңімен лицензиялау жоспарлануда:
— бірінші кезеңде – ашылатын мектепке дейінгі ұйымдар;
— келесі кезеңде – жұмыс істеп тұрған, бірақ мемлекеттік аттестаттаудан қайта өтпеген мектепке дейінгі ұйымдар;
— содан кейін барлық басқа қолданыстағы балабақшалар.
Қорыта айтқанда, кәсіпкерлер мен қалыпты жұмыс істейтін балабақшалар үшін лицензиялау еш шығынсыз реттеу құралы болмақ.

Ғалымжан Алматов,
Түркістан облысының білім
саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру