Маңызды

«СЕРПІН – 2050» ЖОБАСЫМЕН МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

Биыл «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің халқы тығыз орналасқан Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарындағы мектеп бітіруші түлектер үшін 5629 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде 5109 грант жоғары оқу орындарында, қалғаны орта арнаулы оқу орындарында білім алу үшін берілген. Соның ішінде 956 грантқа Түркістан облысының талапкерлері ие болған.
Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдейді.
Жалпы «Серпін-2050» жобасының негізгі мақсаты халқы қалың өңірлердегі өскелең ұрпақты кадр жетіспеушілігі байқалып жатқан солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында оқытып, жұмысқа орналастыру болып табылады. Соның негізінде оларды яғни, оңтүстіктің мектеп түлектерін Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы беделді мемлекеттік университеттерде білім алуын жолға қою болып табылады.
Соңғы бес жылда аталған бағдарлама аясында Түркістан облысы бойынша 9 мыңнан астам түлек жоғары оқу орындарында білім алуда. Ал, колледждерде 1329 жас оқуда.
Жалпы Түркістан облысы бойынша «Серпін-2050» бағдарламасы негізінде 10 364 жас оқуға қабылданған.
Өткен жылы «Серпін» жобасының алғашқы студенттер легі жоғары оқу орындарын тәмамдап, диплом алды. Жас мамандар сапындағы 320 түлек Түркістан облысының жастары болып табылады.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру