ШӨКЕЕВ СҮТ ФЕРМАСЫНЫҢ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ
Түркістан облысы Кентау қаласында шаруалардың басы қосылған ауқымды шара өтті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың бастамасымен жүзеге асқан семинар — кеңесте 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасының кірпіші қойылды.
Алғашқы болып Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы қалады. Аталмыш цех Кентау қаласы Шаға ауылында 2020 жылы іске асады. Жобаның құны 3 652,6 млн. тг. Ашылатын тұрақты жұмыс орны 100 адамды құрамақ. Жылына 4500 т экстра класты сүт өндіру жоспарлануда. Ғылым мен білімге негізделген жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР АШМ өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, ғылыми институттар басшылары, ғалымдар, басқарма басшылары, аудан/қала әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Жиында әр аудан/қаладан әкелінген өнім түрлерінен көрме қойылды. Семинарда Түркістан қаласы азық-түлік белдеуі шеңберінде, су нысандары бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері таныстырылды. Семинар-кеңестің ашылуында сөз алған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Үкімет тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында өңірде аграрлық салаға үлкен басымдылық беріліп отырғандығын атап, бұрын Түркістан жасыл желекті қала болған, соны қалпына келтіруіміз керек. Сондай-ақ демалыс аймақтарды көбейтіп салуымыз қажет-деді. Республикалық семинар-кеңесте жаңа технологияларды қолданып, бүгінде мол өнім алған шаруалар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шаруалардың басым көпшілігінде су мәселесі өзекті болғандықтан, облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңда кешенді жоспар аясында ағын су мәселелерін шешеу мақсатында жалпы құны 29,3 млрд. тг құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталған. Жалпы аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі ұлғайып, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету деңгейі жақсарылмақ. Мәселен, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63 млрд. теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Бұдан бөлек, азық-түлік белдеуі шеңберінде 10 000 басқа арналған бордақылау алаңын салу («Сити Строй» ЖШС), жылдық қуаттылығы 20 мың тонна етті бағыттағы құс фабрикасы («Стандарт ойл» ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешеші (YDA INSAAT түрік компаниясы) жобалары дайындалуда. Жалпы бұл жобалар арқылы Түркістан қаласын азық-түлік белдеуін қалыптастырудан бөлек, жасыл белдеу жүйесі құрылып, Түркістан қаласының климатын жақсартуға, облыс орталығында халықтың өмір сүру қолайлығы деңгейін көтеруге қол жеткізілмек.
Сондай-ақ, шара аясында «Түркістан – Агро XXI» ЖШС-нің «1200 басқа арналған сүт тауарлы фермасы» кешенінің іргетасына капсула орнатылды. «Rota Guido» италия технологиясымен жұмыс істейтін жобаның жалпы құны құны 3,7 млрд. теңге. Серіктестік жобаның алқашқы кезеңін (600 басқа) 2020 жылдың тамыз айында толығымен іске қосуды жоспарлауда.
Түркістан облысы әкімінің
баспасөз қызметі.