ШЫМКЕНТТІК КОЛЛЕДЖДЕР ӘЛЕМДІҢ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫТЫЛАДЫ
Персоналды кәсіби дамыту саласындағы әлемдік көшбасшы Шымкент қаласының колледждерінде қызмет істемек
Кәсіптік техникалық білім беру және техникалық қадағалау мәселелері Шымкент қаласының әкімдігінде TUV Rheinland Academy & Lifecare өкілдерімен кездесу барысында талқыланды.
Шымкент қаласының әкімдігіне TUV Rheinland Academy & Lifecare білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықтың мүмкіндіктері таныстылды.
Өзара ынтымақтастық кәсіби-техникалық біліммен қатар, техникалық қадағалау саласында да өрбімек.
Кездесу 2012 жылдан бастап сәтті жүзеге асырылған «Назарбаев-Меркель» бастамасы аясында өтті. Немістің ішкі моделін тәжірибеге енгізу бастамасы елдегі кәсіптік-техникалық білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған.
Анықтама үшін: TUV Rheinland www.tuv.com — техникалық тестілеу, инспекциялау, сертификаттау және біліктілікті арттыру саласындағы жетекші әлемдік көшбасшысы болып табылатын неміс компаниясы. Сапаның, технологияның және қоршаған ортаның өзара байланыс әрекетін зерделеу TUV Rheinland концернінің мақсаты және негізгі идеясы болып табылады