ҚОРҒАНЫШ ҚҰРАЛЫНЫҢ БАҒАСЫ ТАҒЫ ҚҰБЫЛА МА?

Еліміз коронавирустың ықтималды екінші толқынына жан жақты дайындық жұмыстарын қашаннан бері жүргізіп келеді. Індетке қарсы тұру үшін дәрілік қордың резерві жасақталғаны туралы жаңалықтар жиі айтылып келеді. Ол резервте медициналық маскалардың да қатталып тұрғаны хабарланған. Бірақ…
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі медициналық бетперделер жасайтын шикізаттың шетелден жеткізілетінін, өнімнің бағасы осы жағдайға қарай жан-жақты қаралып бекітілетінін, қайткен күнде де отандық кәсіпорындар ақсап қалмауы қажеттігін алға тартып отыр.
Қазіргі таңда еліміздегі дәріханаларда бетперде бағасы 20-30 теңгеден босатылуда. Пандемия басталғанға дейін оның құны одан да арзан-тын. Бірақ коронавирусқа байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шектеу шаралары енгізіліп, бетперде тағу міндеттелгеннен бастап оның бағасы 100 теңгеге дейін шарықтай түсті. Эпидахуал тұрақталғаннан кейін дәріханаларда бетперделердің бағасы 60-теңгеге дейін арзандаған. Жуырда оның бағасы 20-30 теңгеге дейін төмендеген. Енді тағы да құбылуы әбден мүмкін сияқты.

С. НҰРАЙ.