Дәстүр мен дін сабақтастығы

Қазір XXI ғасыр дамыған технологияның, интернет ресурстарының қарыштап дамып жатқан заманы. Әлемнің жетекші мемлекеттері ғарышты игеру үшін тынбай ізденіп, жұмыс жасауда.

Сонымен бірге түрлі діни ағымдардың жауыннан кейінгі шыққан саңырауқұлақша қаптап шығып жатқан кезеңі. Соның бір мысалы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің өзінде көптеген діни ағымдар пайда болды. Олардың біршамасына еліміз аумағында жұмыс жасауына заңмен тыйым салынды. Алайда арамызда қой терісін жамылып жүрген қасқырлардың бар екенін біреу білсе біреу білмей азуларына азық болуда. Сондай қасқырлардың бірі сәлафилік ағымы. Бұл діни ағым мүшелерінің қауіптілігі сол — ғасырлар бойына қалыптасқан ұлттық менталитетімізді, ислам дінімен бір қазанда біте қайнасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды жоққа шығарып ата-жолынан аттауда. Келін сәлем салса шірік, ата-баба аруағына құран бағыштаса бидғат деп даурығып жоқ жерден жаңалық ашуда. Ал енді тарих беттерін парақтар болсақ ислам дінінің қазақ даласына келгеніне XII ғасырдан астам уақыт өтіпті. Соңғы кездері архивтерден шығып жатқан XVIII-XIX ғасырларда түсірілген фотосуреттерге назар салсақ ата-әжелеріміздің исламның ақ жолынан адаспай жүргеніне куә боламыз. Ал келіннің сәлем салуы ата-енесіне деген қадір-құрметі. Келін сәлем салса Аллаға қарсы шығайын деп емес, ата-енеме құрмет көрсетейін және үлкендердің ақ батасын алайын деп сәлем салған. Тарих беттерін тағы да ащар болсақ қазақ халқында жаңа түскен келін ата-енесінің болсын сол әулеттің немесе сол ауылдың тұрғындарының қолын қысып амандаспаған. Сонда қалай есен-амандық сұраймыз дегенде жай ғана иіліп сәлем берсін деген ортақ шешім қалыптасқан.
Ата-баба аруағына арнап құран бағыштауға келер болсақ қазақ халқының бұл әдет-ғұрпында діннен алыстамаған. Құран аяттарымен хадис шәрифтерге зер салып қарасақ мұныңда дұрыс амал екеніне көзіміз жете түседі. Тіпті өзін сәлафимін деп таныстырып жүрген бауырлардың шейхы Ибн Тәймияныңда еңбектерінде ата-баба аруағына арнап құран бағыштаудың дұрыс екенін және оқылған құранның сауабы өліге барып тиетінін жеткізген. Кісісі қайтқан жақынын қазақ халқы қашанда көзіне жас алып, жақсылықпен еске алған. Ал Алла елшісі с.ғ.с өлгендеріңді жақсылықпен еске алыңдар деген бұйрығын дәстүрімізге сіңіре білген. Ас ішіп болған соң үйдің үлкені өзі білетін, тіліне жеңіл келетін құран аятын оқу арқылы ішкен асына шүкіршілік етсе, екінші жағынан ата-бабасының рухына бағыштаған. Қазақтың қай салт-дәстүріне тереңдей бойлап мағынасына жете түсінсек түбі құран аяты мен хадиске келіп тірелеміз. Сол сияқты ақын-жырауларымыздыңда жыр-дастанын, халқымыздың шешендік сөздеріне қарасақ дінге келіп тоқтаймыз. Біз қарастырған екі амал қазақ халқының салт-дәстүрінің тек бір парасы ғана. Осындай амалды көрегендікпен жасай білген халқымыздың салт-дәстүрін қалайша бидғатпен ширкке таңуға болады. Мың жылдықтан бері қаймағы бұзылмай қалыптасқан өмір сүру салтымызды ұмыт қалдырмай ғасырларға жеткізуіміз қажет. Қазақта дәстүріңді баққаның, үмітіңді жаққаның деген асыл сөз бекерге айтылмаса керекті.

Қуаныш ҚОСМАХАНОВ,
Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің
Созақ аудандық бөлімінің
меңгерушісі.