Бұл бip қайсар халық екен…
Тарихта таңбаланған “Отырар ойранын” айналып өте алмайтынымыз анық. Қаланы жермен-жексен еткен оқиға 1218 жылғы күз айында болған. Сол жылы Отырарға сауда керуені келіп тоқтайды. Бұл сауда керуеніне тыңшылар деп сезіктеніп, сенімсіздікпен қараған Отырардың билеушісі Қайыр хан Хорезмшаһтан рұқсат алып, әскерлеріне олардың керуенін тонап, өздерін ұрып-соғып тастауды бұйырады.
Отырар Шыңғыс ханның әскеріне жарты жылдан астам уақыт төтеп беріп тұрғанымен, соңында олар қалаға басып кіреді. Сөйтіп қаланы қиратып, өртеп жібереді. ХVІІІ-ХІХ ғғ. жазба мәліметтер шоғыры, археологиялық деректер мен жергілікті аңыз әңгімелер Отырарда тіршілік 1750 жылдары тоқтағанын көрсетеді. Қаланың әлсіреуіне XVII ғасырдың 80-жылдары Жоңғар ханы Қалдан Цереннің әскерлерінің шабуылы себеп болған. Шыңғысхан дәуірінде алты ай бойғы алапаттан жеңілмеген Отырар туралы белгілі ақын М. Шахановтың өлеңінде: «..Рухы – өр, Тәнi – бекем, Бұл бip қайсар халық екен, Tipлiктен де артық қойған бiрлiктi…» деген жыр жолдары бар.
Жоңғарлар Отырардың суландыру жүйесін бұзып кеткеннен соң, халық оны қайта қалпына келтіре алмай біртіндеп көше бастаған. Отырардың соңғы тұрғындары бүгінгі Түркістан, Шымкент, Шілік елдімекендеріне көшкен.