Маңызды

<strong>Берік БЕКЖАНОВ,
«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:


Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов 2019 ж ылдың 6 а йда а тқарған ж ұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз брифингін өткізді.
Төраға Б ерік А йдарбекұлы 2 019 жылдың басынан бері 9 мекеменің 800-ден астам жұмыскер алдындағы 121,8 млн. теңге жалақы қарызы болса, 6 айдың қорытындысымен оның саны 3 мекемеге азайып, 740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қарызы қайтарылғанын мәлімдеді. Қалған 6 кәсіпорынның 79 жұмыскерге төленуі тиіс 14,6 млн. теңге берешегін өндіру алдағы уақытта іске асырылмақ.
Жыл басынан бері Шымкентте 24 өндірістік жазатайым окиға орын алып, салдарынан 24 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған. Зардап шеккендердің 8-і ауыр, 13-і жеңіл жарақаттанған. Көз жұмғандардың біреуі әйел. Өлімге соқтырған өкінішті жағдайдың барлығына жол көлік оқиғасы себепкер б олған.

Бүгінде кәсіподаққа мүше адамдардың 6 % ( 9960) о қытудан ө тті. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1069-ы немесе 7 4% б іліктіліктерін к өтерген. Е ңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексерулер өткізілген. Оның ішінде өндірістік кеңестің бастамасымен 166, ж ұмыскерлердің б астамасымен 125 тексеру жүргізілген.
Нәтижесінде еңбек заңдылықтарын бұзудың 477 дерегі анықталып, тиісті ескертпелер беріліп, кемшіліктер т үзетілген. Ж ұмыскерлер ж ағдайын жақсартуға бағыттылаған бұл ескертпелердің 149-ы еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етуге қатысты болса, 75-і еңбек қауіпсіздігі ережесін және нұсқамаларын бұзуға қа-тысты, 56-сы оқытудан және нұсқаулықтан өтпегені тұрғысында, 10-ы арнайы киіммен және жеке қорғаныс киімімен қамтамасыз ету төңірегінде және т.б түрінде болған.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орындарында жұмыскерлерге қолайлы жағдай жасау бойынша 106 ұсыныс берілген.
Кәсіподақ ұйымдары 55 еңбек дауын шешуге және 5 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан. Есепті кезеңде 50 жұмыс орны аттестаттаудан өткізіліп, өндірістік кеңес жұмыстарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша 102 семинарлар өткізілген.
Осы деректерді алға тартқан Берік Бекжанов қазіргі таңда Шымкентте жұмысшылардың құқын қорғау бойынша ең өзекті проблема ретінде ұжымдық келісім шарттың жасала бермейтіндігі екенін мәлімдеді.
– 2019 жылдың басында жұмыс жасап тұрған жалпы 21661 кәсіпорынның (592 мемлекеттік және 21069 жекеменшік) тек 1033-де (4,8%) ғана ұжымдық шарт жасалған. Ұжымдық келісім шарт жасауды мемлекеттік кәсіпорындардың барлығы жүргізген. Ал жекеменшік кәсіпорынның тек 2,1 пайызы ғана осы ережені сақтаған. Қалған 2 0628 ( 95,2%) м екемеде ұ жымдық ш арт ж асалмаған,-деді.
Сондай-ақ ол, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы а ясында Қ азақстан Р еспубли-касы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу бойынша Шымкент қаласында орналасқан 394 мекемеде 30948 еңбек шарты жобаға енгізілгенін, аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табаты-нын айтты.

Шымкенттің «Құрсай»-«Азат» шағынаударының бағытындағы қоғамдық көлікпен жүретін тұрғындар үшін аптаның алғашқы күні шуақты басталды. Себебі, дәл осы күннен бастап аталған бағыт бойынша ондағы тұрғындар мінетін №96 бағыттағы қоғамдық көлік жаңа автобусқа алмастырылды.
Бұл Елбасының өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы тапсырмасы аясында іске асуда.
Бұған дейін бұл бағыттағы қоғамдық көлікте «ГАЗельдер» жүретін. Енді тұрғындардың жұмыс орны мен өзге де жерлерге жету үшін бұ рынғыдай лық толған «ГАЗельге» әупірімдеп сыйысып, жүйіткіген техникамен шайқалып, діттеген жеріне шаршап, шалдығып жететін күндері артта қалды.
Жолаушыларға жайлы су жаңа бұл автобустар қалаға “Shymkent bus” автобус паркінің ашылу күніне орай жеткізілген болатын. Ж аңа техникалар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушы-лар ағынының датчиктерімен, GPS- трекерлермен жабдықталған. Сыйымдылығы 56 адамға лайықталған көлік Қазақстанда құрастырылған.

Халқы күн санап көбейіп жатқан Шымкентте жолаушылар ағыны әрдайым жоғары екені белгілі. Қоғамдық көліктердің жолаушыларға лық толмай жүруі өте аз кездеседі. Бұл жергілікті тұрғындар үшін ыңғайсыздық тудырып жататыны жасырын емес. Енді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында жолаушылар осындай сапырылысқа тап болмайтын болды.
Өйткені Шымкентте автобустар қозғалысын бақылайтын 2ГИС қосымшасы іске қосылды. Қазақстан бойынша алғаш рет үшінші мегаполисте іске қосылған мобильді қосымша арқылы тұрғындар аялдамада артық кідіріп, уақытын зая кетірмейтін болады. Қалай?
Ең алдымен смартфоныңызға 2ГИС картасы мобильді қосымшасын жүктейсіз. Одан соң қандай да бір қоғамдық көліктің қозғалысын яғни, қай жерде келе жатқанын көріп, бағдар алуыңыз үшін косымшаны ашып, экранға шыққан картадан аялдама белгісіне саусақ ұшын тигізесіз. Сол сәтте жан жаққа ағылған автобустардың қозғалысы экран бетіне шыға келеді. Осылайша сіз аялдамаға қандай көліктің келе жатқанын анық көре аласыз. Сізге қажетті нақты автобустың қайда келе жатқанын көру ү шін басқа нұсқа іздеу деген жолға сол бағытта қатынайтын қоғамдық көліктің нөмірін теру арқылы біле аласыз. Мамандар осы қосымша арқылы енді шымкенттік тұрғындардың өзіне қажетті қоғамдық көліктің бағытын алдын ала көріп, «күткен автобусым қашан келеді екен?..» деп артық алаңдамайтынын алға тартуда.
Сонымен қатар діттеген жеріне апарады деген көлігінің аялдамаға келер сәті сәл ұзақтау боларына картадағы қозғалыстар арқылы анық көз жеткізіп тұрса, оған балама болатын көлік табуға мүмкіндік алады. Және де мінетін автобуста орын аз болса, келесі көлікті к үтуге қанша уақыт кететінін біліп, бағдар жасайды.
Мобильді қосымша онлайн түрде жұмыс істейтіндіктен, ұялы байланыс телефоныңыздың әрдайым интернетке қосулы болуы маңызды. Бірегей жоба Шымкент қалалық цифрландыру басқармасынан ГЛОНАСС спутнигі арқылы келіп түседі. Ондағы бағдар-ламалар ең аз кідіріспен жаңартылады. Мәселен, егер де автобустар көлік кептелісінде тұрып қалса немесе белгілі бір с ебептермен бағытын тоқтататын болса, бұл өзгерістер картада бар болғаны 30 секунд ішінде бейнеленіп тұрады.
Мобильді қосымша Қазақстанда алғаш рет Шымкентте қолданысқа енгізіліп жатыр. Мұндай қызмет Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт Петербург және Новосібір сынды бірнеше қалаларында пайдаланылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облыстық өкілдігі мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен алдымен Бәйдібек ауданында, одан Созақ ауданында се-минарлар ұйымдастырылды.
Созақ ауданының имамдары мен облыс орталығынан келген теологтар қатысқан семинар сұрақ-жауап форматында өтті. Облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» басшысының міндетін атқарушы Медет Халықов «Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі дін мәселелері» тақырыбында-ғибратты әңгіме айтты.

Соныменқатар, күнделікті өмірімізде орын алатын діни мәселелерді құқықтық және діни тұрғыдан түсіндіріп берді. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді мешіт молдаларының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруды, дін қызметкерлері арасындағы ауызбірлік пен ынтымақтастықты берік етіп ұстауды сұранды. «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» оңалту жұмыстарын жүргізу бөлімінің меңгерушісі Мұрат Мұстафаев кереғар діни ағым ықпалынан сақтану жолдарын, ол идеологияның ықпалына түскен азаматтарды дәстүрлі жолға бейімдеу тәсілдерін тереңінен түсіндірді. Теологтар Медет Халықов пен Мұрат Мұстафаев жұртшылықтың көкейіндегі сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарды. Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді семинарды қорытып, елдегі қоғамдық және діни тұрақтылықтың маңыздылығын, оны сақтауда дін қызметкерлерінің ролі зор екендігін айтты.
Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етуде, түрлі діни ұйымдардың құйтырқы идеологиясына қарсы тұруда, зайырлы қоғам принциптерін ұлықтау мақсатында бірлік пен салиқалы сабырлықпен еңбек етуге шақырды.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

Лондонда іссапарда жүрген Шымкент қаласының әкімі өзінің инстаграм парақшасы арқылы Грин-парк саябағының көрінісінен видео жүктеген.
Таңала кеуімнен саябақта жүгіруге шыққан қала әкімінің түсірген видеосында атақты паркте тазалықтың сақтала бермейтіні, оған дәлел ретінде әр жерде шөлмектер, шүберектер мен өзге де қалдықтардың шашылып, көзге қораш болып көрініп жатқаны анық байқалады.
Өз кезегінде қала әкімі «Грин-парк. Лондон. Таңғы сағат 6:30. Адамдар барлық жерде бірдей. Лон¬донда болсын, Шымкентте болсын. Азаматтар шөлмектер тастайды. Міне қоқыстар жатыр. Шынын айтқанда таңғы сағат 6:30-да Шымкенттегі дендробақ немесе өзге кез келген саябағымыз бұл жерден әлдеқайда таза болады. Дегенмен де, Лондондағы бұл жер әлемдегі ең үздік саябақ болып табылады. Бірақ Шымкенттегі дендробақ одан да үздік» дейді.

Нұр-Сұлтандағы такси сервисінің қызметіне көңіл тоғаяды. Бұл қалада такси жүргізушілерінің туристерге көрсететін қызметтері талғам таразысынан шығады. Бірақ ондағы мінсіз қызметке қол жеткізу ісі қолмен қойғандай оңай болмағаны анық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін тиісті мамандар біраз ізденіп, еңбек еткені сөзсіз.
Ендігі кезекте олардың тәжірибесін Шымкентке де енгізудің маңызы зор. Себебі, үшінші қалаға аяқ басқан кез келген туристтің қолданатын алғашқы сервисі – такси қызметі екені аян.
Осы мақсатта Шымкентке Елордадағы Көлік қызметкерлері ассоциациясының төрағасы Медет Құрманов келіп, жауапты мамандармен жүздесіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл туралы қалалық туризм басқармасының басшысы Тұран Ахметов өзінің инстаграм аккаунтында мәлімдеді. Өз жазбасында ол «Қалалық әкімдіктің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі қала таксопарктерінің сервисін жақсарту, жолаушылар көлігі және тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын сақтау, автокөліктерді брендтеудің бірыңғай стилін пайдалану және т.б болып табылады» дей келе, бұл бағытта табысты жұмыс істеу үшін осылайша басқа қалаларда сәтті жүзеге асқан тәжірибелерді пайдаланған жөн екенін алға тартады.
Сонымен қатар ол осы кездесу кезінде аталған қауымдастық базасында Нұр- Сұлтандағы такси сервисінің қалыптасуы кезінде болған барлық сынамалар мен қателерді ескере отырып, Шымкент қаласында да тиісті бөлімше құру ұсынылғанын жазды.

С.НҰРАЙ.

Серікболсын Созақ ауданы, Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Ол жыл сайын арнайы қобдишаға ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын. Бұл Серікболсынның жылдағы әдеті.
Арыс қаласында болған төтенше оқиға Серікболсынды бей-жай қалдырмады. Ол жыл бойы арнайы қобдишаға жинаған 54 360 тегені арыстық балаларға жіберу үшін Таукент кенті әкімдігіне өткізді.
Таяуда Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов Серікболсын мен оның әкесі Аманбайды қабылдады. Өзі балғын болса да, жүрегі кең баланың азаматтығына ризашылығын білдірген аудан басшысы, велосипед тарту етті. «Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын» деп Серікболсын мен оның ата-анасына алғысын білдірді.

Ерлан РАЙЫМҚҰЛОВ.

Ағымдағы жылдың алты айында Шымкентте ҚР Еңбек заңнамасының сақталуы бойынша барлығы 152 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 131 заң бұзушылық анықталған.
Соған сәйкес 5,4 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Бірқатар мекемелердің 110 жұмыскерге жалақы қарыздары мен пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының күндері үшін төленуі тиіс 10,2 млн. теңге берешектері өндірілген. Кейбір мекемелерге салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру туралы сот актілері сот орындаушыларға өткізілген. Өкінішті жағдайлар да жоқ емес. Есепті кезеңде жұмыс орындарында 23 жазатайым оқиға болған. Салдарынан 24 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапқан.
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық коммуникациялық орталықта қалалық еңбек инспекциясы және көші қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов 6 айда атқарған жұмыстарына есеп беру кезінде мәлім етті.

Есепті кезеңде еңбек инспекторларының араласуымен бірқатар кәсіпорын 23 жұмыскер алдындағы 16,7 млн. теңге берешегін толық төлеген. Қызметінен ешқандай негізсіз шығарылып, әділетсіздіктің құрбаны болған 3 адам қайтадан өз істеріне кірісуге мүмкіндік алған. Басқарма басшысы жалпы жалақының жырға айналуы, еңбек демалыстарының күндері үшін ақы төлеудің құрдымға кетуі, себепсізден себепсіз жұмыстан шығару сынды келеңсіздіктердің барлығы әу-баста еңбек келісім шартының жасалмауынан туындайтынын айта келе,
– Әрбір азамат іске кіріспес бұрын жұмысқа орналасқан мекемемен еңбек келісім шартын жасауды талап етуі керек. Келісім шарт түзілмеген жағдайда еңбек демалысын ала алмай, тиісті төлемдерге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Біздің тәжірибемізде бір ұжымда екі-үш ай жұмыс істегенін дәделдей алмай дал болғандар кездесті. Мұндай жағдайда адамдарға сенуге де болмайды. Себебі сол кездегі әріптестері «танымаймыз» деп айтудан тайынбауы мүмкін,-деп, жұмыскер құқын қорғауда келісім шарттың қуатты құжат екенін қадап айтты.
Бауыржан Ахметәліұлы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге яғни, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көбейту туралы тапсырмасының орындалу барысын былай деп шолыды.
– Бұл тапсырманы орындау мақсатында жедел түрде жалақысы төмен жұмысшылардың табысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб құрылды. Штаб мүшелері 70-тен аса ірі және орта кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізді. Басқарма тарапынан атқарылған осындай істердің нәтижесінде ірі, орта және шағын 261 кәсіпорнында еңбек ететін 17 мыңға жуық жұмысшының жалақысы орта есеппен 22 пайызға артты, -деді.
Қалада қазіргі таңда 20 мыңнан астам шағын, орта және ірі кәсіпорындар жұмыс істейтінін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса түсетіні сөзсіз.
Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қазақстандық жұмысшылардың үлесі 97 пайыздан асады. Қазіргі таңда Шымкентте 39 кәсіпорын мен ұйымда 557 шетелдік мамандар жұмыс істейді. Олардың 90 пайызы білікті мамандар. ҚР Үкіметінің 2016 жлғы 18-тамыздағы №459 қаулысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін жыл басынан бері 121,2 млн. теңге алым жергілікті бюджетке түскен.
Осылай деген басқарма басшысы 159 отбасындағы 260 адамның оралман мәртебесі ұзартылғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 16-наурызында қауіпсіздік кеңесіндегі этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмасымен бір реттік акциясы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мақсатында 2019 жылдың 31- желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына сәйкес және жолдауды басшылыққа ала отырып, осы бағытта жұмыстар атқарып жатқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырма хаты бойынша Түркістан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағыттарында «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып нәтижелі жұмыстар атқаруда. Аталған кеңсенің тұрмыстық жемқорлықты жою бағытында және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және тұрғындардың түйткілді проблемаларын шешу мақсатында Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізу жоспарланған болатын.
Осыған орай аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен аталған шараның қызмет алушылар үшін маңыздылығын ескере отырып ауданда ағымдағы жылдың 23 шілдесі күні
сағат 9:00 — 13:00 аралығында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында халықты әлеуметтік қамсыздандыру, сот және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға тиісті шақырылған бөлімдер мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, тұрғындардың түрлі сауалдарына жауаптар берді. Сондай- ақ «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері ауыл азаматтарынан түскен ұсыныс, пікірлерді де жинақтап қорытынды шығаратындарын ескертті.

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында мақта алқаптарын суару науқаны қыза түсті. Қазіргі таңда аудан бойынша 10 мың гектар ақ алтын алқабы суарылған.
Шаруалар ағын судан тапшылық көріп жатқан жоқ. Бүгінде «Достық» және «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдарынан секундына 52 текше метр ағын су келуде. Бұл көлем шаруалардың сұранысын толық қанағаттандырып отыр дейді Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Әбуов. Оның айтуынша, 52 текше метр судың 20 текше метрін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналы берсе, қалған көлем «Достық» каналының еншісінде.
Мәселен, Қазыбек би ауыл округінің шаруалары тәулігіне 98 гектар мақта алқабын суарып үлгеруде. Ал жалпы суарылған алқап 665 гектарды құрайды. «МАК» шаруа қожалығының төрағасы Мұхтар Ботабековтің 17 гектар мақта алқабына су жібергеніне бүгін 3 күн болыпты.
«Ағын судан тапшылық жоқ. Каналда су жеткілікті. Қазір біз жаппай суаруды бастап жібердік. Алдағы аптада мақтаның бірінші суын беріп бітеміз» дейді Мұхтар Ботабеков.
Биыл бұл қожалық мақтадан бөлек, 3,5 гектар жерге «Жиенбай» қауынын егіпті. Ашық грунтта егілген қауын алдағы аптада толығымен пісіп жетілмек.
Мақта алқаптарын суаруда Жаңаауыл ауыл округінің шаруалары да алда келеді. Бүгінге дейін мұнда 842 гектар ақ алтын алқабы суарылған. Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 45 мың 100 гектарға мақта егілген.

Жетісай ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген:
Қуаныш ӘУЕЛБЕКОВ.