Маңызды

ҚАЖЕТТІ ДӘРІНІ ҚАЙДАН АЛУ ҚАЖЕТТІГІН ҚОСЫМША КӨРСЕТЕДІ

Түркістандықтар өзіне қажетті дәріге қол жеткізу кезінде артық сабылмас үшін «Дәріхана» мобильді қосымшасын пайдаланады. Осыдан біраз уақыт бұрын іске қосылған қосымша көптеген тұрғындар үшін тиімділігін байқатты.

 

Аз уақыт ішінде қосымшаға 35 мың адам тіркеліп үлгерген. Қосымшаны қолданушылар өзіне қажетті дәрі-дәрмекті үйден шықпай-ақ смартфон арқылы тез табуға мүмкіндік алады. Ағымдағы жылдың шілде айының 14-23 күндері аралығында «Дәріхана» қосымшасынан түрлі аккаунттардан 187 311 рет дәрі-дәрмек ізделгені белгілі болды. Бағдарламаға мониторинг жасап отыратын мамандар аталған қосымша арқылы қандай медициналық препараттарға сұраныс артып отырғанын да анықтай алады.

Қазіргі таңда облыста 531 дәріхана бар. Олардың барлығының мекенжайын тап осы қосымша арқылы білуге болады. Бірақ олардың барлығы емес, тек 7-уі ғана аталған бағдарламаның іздеу жүйесіне қосылған. Қосымшаны қолданушылар іздеген дәрісін тапқан жағдайда бағдарлама сұратқан анкетаны толтыру арқылы сұраныс жасауға болады. Осы ретте Сіздің анкетаға енгізген өзіңіз туралы мәліметтер 48 сағаттың ішінде жойылатынын айта кетейік. Аталған қосымшадағы «Шағымдану» бөлімі арқылы адамдар дәрі бағасының негізсіз көтерілуі сынды шағымын да қалдыра алады.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру