Қазақстанда қанша Абай тұрады?

Елімізде 18 232 адамның есімі Абай болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы екені белгілі. Абай есімімен аталатын адамдардың саны туралы дерек сол айтулы датаға орай жарияланған болса керек.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі АХАТ басқармасының мәліметінше бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі осы аптаның алғашқы күні 20-қаңтарында Түркістан облысының, Сарыағаш қаласында туылған.
Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) 2470 балаға ата-аналары Абай есімін таңдаған екен. Олардың басым көпшілігі нақтырағы 415-і Түркістан облысында, 321-і Алматы, 273-і Нұр-Сұлтан қаласында мекен етеді.