Былтыр машина өндірісі өскен

Былтыр Қазақстанның біраз аймақтарында жыл бойына өнеркәсіптік өнім өндіру көлемінің артуы байқалған. 

Сөйтіп, қазақстандық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға өскен. Атап айтқанда, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өндірісі 3,7%-ға, өңдеу өнеркәсібі өндірісі 4,4%-ға артқан. Елде электрмен жабдықтау, сондай-ақ, газ, бу беру және ауа баптау 1,3%-ға өскен. Өткен жылы елімізде мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіру жұмысының ауқымы да артқан. Бұдан бөлек, фармацевтикалық өнім, машина жасау және мұнай өңдеу өндірісі де өткен жылмен салыстырғанда ілгерілеген. Бірақ, азық-түлік пен темекі өнімдерінің өндірісі құлдыраған. Сонымен қатар, сумен жабдықтауға, кәріз жүйесіне және қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау бойынша өндіріс 3,2% -ға қысқарған.
Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.