ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«2020 жылы Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» болатыны белгілі. Осыған байланысты 2020 жылдың сәуір айынан бастап Шымкентте «Шымкент –ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.

Онда ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қолөнер көрмесі, «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» ТМД және басқа да елдердің суретшілер және фотосуретшілер байқауы болады. Сонымен қатар драма театрлар, анимациялық фильмдер, опера жұлдыздарының фестивалі өткізіледі. Халықаралық ақындар айтысын жоғары деңгейде өткізу жоспары да межеленген. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында алғаш рет «Душа Евразии» І-халықаралық эстрада әндерін орындаушылардың фестивалі, ақын-жазушылардың оқырмандармен кездесулері мен тағы басқа 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылады.
«Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы қараша айында болады деп күтілуде.