ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ АУМАҒЫНА ЖАСЫЛ ШЫМ ЖӘНЕ ГРАНИТ ТАСТАР ТӨСЕЛУДЕ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде.
Қазіргі таңда 8,5 мың шаршы метр жерге жасыл шым, 4,5 мың шаршы метр аумаққа гранит тасы төселді.
Кесене аумағында шаң-тозаңдарды болдырмау және көгалдандыру мақсатында төселген жасыл шым Алматы қаласының питомниктерінен алынған.
Абаттандыру жұмыстарын «Базис-А» құрылыс компаниясы жүргізуде.

М. САБЫР.