Маңызды

Қалалық қоғамдық кеңес тиісті органға 40-тан астам ұсыныс жолдаған

Ағымдағы жылдың наурыз айында құрылып, жұмысын бастаған Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі бүгінге дейін жергілікке билікке 40-тан астам ұсыныс жолдаған. Олардың орындалуы уақытты қажет етеді.
Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев мәлімдеді.
Кеңес құрамы 25 адамнан тұрады. Кеңеске мүшелікке енген азаматтардың арасында дін өкілі, денсаулық, білім, кәсіпкерлік, өнер саласының мамандары бар. Сонымен қатар кеңес құрамында ардагерлер, жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері де кездеседі. Бұдан бөлек, оның құрамы азаматтық сектордағы белсенді азаматтармен де толыққан.
Өз кезегінде Нұрғазы Бақтыбайұлы ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған қоғамдық кеңестің бүгінге дейін 7 мәжілісі өткізіліп, 23 нормативтік құқықтық актілер мен жобалар қаралып, қоғамдық кеңес құрамымен келісілгенін жеткізді. Бұдан бөлек ол, кеңестің ең алғашқы отырысында қаламызда жастар мәслихатын құру туралы шешім қабылданғаны, бүгінгі таңда құрамында 29 депутат бар «Жастар мәслихаты» өз жұмысын бастап кеткенін мәлімдеді.
Жалпы Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес бар (республикалық деңгейде – 16, облыстық деңгейде – 213). Қоғамдық кеңестердің жұмысына 4 мыңға жуық адам тартылған. Оның 22 пайызы мемлекеттік орган, 20 пайызы үкіметтік емес ұйымның өкілдерінен тұрады.

С. НҰРАЙ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру