МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Үшінші мегаполис құрылысы қызған өңірдің бірі. Биыл аймақтағы құрылыс басқармасы арқылы 110 нысанның құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік бюджет есібінен жүргізіліп жатқан бұл нысандардың құрылыстарына 40,7 млрд. теңге бағытталаған.
Солардың ішінде 15 нысан (орын саны 10800) мектеп ғимараттары болып табылады. Олар толығымен аяқталатын болса Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектеп мәселесі айтарлықтай шешілетін болады.

Бұл туралы Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен баспасөз брифингінде құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов мәлімдеді.
Нысандардың құрылысы үшін қазынадан қаралған қаржы көлемі 7,450 млрд. теңгені құрайды. Жыл соңына дейін 6 мектеп (орын саны 4500) пайдалануға беріледі деп жоспарланса, бүгінге дейін олардың 5-уі халық игілігіне тапсырылған. Қалған 1 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады. Ал қалған 9 нысанның құрылысы 2020 жылға өтпелі.
Басқарма басшысы салынып жатқан бұл мектептермен қатар тағы 4 білім ұясының (орын саны 1200) жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын хабардар етті.

С. НҰРАЙ.