Маңызды

Қазақстандықтар шетелге қанша аударым жасаған?

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстан азаматтарының өзге елге аударған ақша көлемі 345,5 млрд. теңгені құраған. Ал ел аумағында аударылған қаржы сомасы 23,6 млрд. теңгені көрсеткен. Бұл туралы ranking.kz жазған.

Қазақстаннан ақша аударымын алатын елдер арасында Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қырғызстан көш бастап тұр екен. Аталған уақыт аралығында қазақстандықтар Ресейге 116,9 млрд., Өзбекстанға 72,1 млрд., Түркияға 47 млрд., Қырғызстанға 43,4 млрд. теңге аударған.
Сонымен қатар, сарапшылар биылғы қаңтар-шілде айларында халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шетелден Қазақстанға келген қаражаттың сомасы 203 млрд. теңгеге жеткенін де мәлімдеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға көп.

Ә. АЙТЖАРИ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру