ҚАНДАСТАР КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН БЕС ҚАЛАНЫҢ БІРІ – ШЫМКЕНТ

Биыл 10,7 мыңнан астам этникалық қазақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдады. Туған Отанына табан тіреген азаматтардың 48,5% – Өзбекстан, 36% – ҚХР, 6,2% – Моңғолия, 5,4% – Түрікменстан Республикаларынан келген. Көрші Ресей Федерациясы елінен келіп, азаматтық алғандардың үлесі 1,1% -ды құраған.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған. Аталған министрлік бұдан бөлек, азаматтық алған қандастарымыз ең көп қоныстанатын бес қаланы да атады. Елімізге келген отандастарымыздың 27 % -Ақмола облысына, 14 % -Маңғыстау облысына, 9% -Жамбыл облысына, 8,9% -Нұр-Сұлтан, 8,5% -Шымкент қаласына қоныстанған екен.
Елімізде 1991 жылдан бастап бүгінге дейін 307,3 мың отбасы немесе 1,046 миллион этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған.

А. Сатыбалды.