Маңызды

«ӘҢГІМЕ ЕКІ СИЫРДА ЕМЕС» Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР Премьер- Министрінің орынбасары:

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекетке алақан жайып көмек сұрайтындарды сын тезіне алып, «екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра» деп ақыл айтқан болатын. Бұл сөз қоғамның біраз наразылығын тудырды. Көп балалы аналар партия төрағасы, Елбасының айтқан бұл сөзі ақылға сыймайтынын БАҚ арқылы ашық айтты. Әлеуметтік желілерде «сиырды бағатын жем-шөпке ақша жоқ, жайылымға жіберетін жер жоқ, оны сатып алатын теңге жоқ» деп шулаған халықта есеп болмады.
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Жанұя» орталығы ашылды. Отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілетін нысанның салтанатты жағдайдағы ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев келді. Сол кезде журналистер Үкімет басшысының су жаңа орынбасарына әлі күнге дейін көп талқысында жүрген Елбасының сол бір-екі ауыз сөзін алға тарта отырып, «екі сиырмен күн көруге болады ма?» деген сұрақ қойды. Бердібек Мәшбекұлы:
– Бір сиырмен де, екі сиырмен де күн көруге болады. Бірақ ол үшін сиырға да жағдай жасау керек. Ешкім ешкімге жем-шөпті әкеп бермейді. Құдайға шүкір, біздің жеріміз де, шөбіміз де, суымыз да жеткілікті. Тек әрекет жасау керек. Ол сиырға жем-суын дер кезінде берсең, ең кем дегенде 7-8 литр сүт береді. Сол сүттің 2-3 литрі өзіңнің қажетіңе кетсе, қалғанынан май да, құрт та, қатық та, қаймақ та шығады. Әңгіме екі сиырда емес. Әңгіме халықтың жұмыс істеуінде,-деп жауап берді.

С. НҰРАЙ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру