Маңызды

ЖӨНСІЗ ЖАРНАМАЛАР ЖОЙЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте жастарды есірткіге кедергісіз қол жеткізуге жетелейтін веб-сайттардың бар екені анықталды. Олардың көзін жою мақсатында Шымкент қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тиісті жұмыстарды қолға алды.
Атап айтқанда басқарма қызметкерлері есірткі сататын веб-сайттарды анықтап, онда есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшіру жұмыстарын жүргізді. Тентектерді тезге салу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараны тәртіп сақшылары Жастар ресурстық орталығымен бірге жүзеге асырды.
Шара кезінде Шымкент қаласындағы ғимараттар мен тұрғын үйлердің қабырғасында есірткіні жарнамалайтын түрлі интернет жүйесіндегі сайттардың сілтемелері жазылған отыздан астам жазбаның көзі жойылды.
Сондай-ақ, ғаламторда мониторинг жүргізіліп, телеграм қосымшасы және басқа да түрлі әлеуметтік желілер арқылы осындай хабарландырулар таратқан веб-сайттарға кіруге шектеу қойылды.
Мұндай заңсыз іс-әрекет есірткі құралдарын жарнамалау және насихаттау болып саналады. Ол үшін ҚР ӘҚтК-нің 434 және 505-бабының талаптары бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салу және 15 күнге дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
С. НҰРАЙ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру