«Нұртастағы» «премьера» наурызда аяқталады

Тұрғын үй құрылысын жүргізуде тәжірибесі
әбден толысқан
«Оңтүстік құрылыс сервис» компаниясы
салып жатқан
«Премьера» тұрғын
үй кешені 2020 жылдың наурыз айында
пайдалануға берілмек.

Құрылысы қарқын алған бұл тұрғын үй кешені Шымкенттегі «Нұртас» шағынауданынан бой көтерген. Тапсырыс беруші «Dostyq Invest Group» жуапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Бизнес санатындағы үлгіде салынып жатқан кешен 2 бес қабатты тұрғын үйден тұрады. Онда барлығы 40 пәтер болмақ. Тұрғын үйдегі пәтерлер 2,3,4 бөлмеден тұрады. Құрышқолды құрылысшылар қабырғасы қызыл кірпіштен өріліп жатқан үйлерде дыбыссыз режимде жұмыс істейтін лифтілер болатынын айтуда. Сондай-ақ онда автономды жылыту жүйесі орнатылады.
Жалпы «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС еліміздің ең ірі қалалары атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте көпқабатты үйлер салуда көптің көңілінен шығып жүрген мердігер компания. Ал олардың қаладағы «Нұртас» шағынауданынан салынып жатқан «Премьера» кешенінен жанға жайлы пәтерді Сіз Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алуыңызға әбден болады.
С. НҰРАЙ.