ҚАЙЫР СҰРАУ КӘСІП АТАНДЫ

Швеция елінің Эскильстуна қаласы әлемде алғаш рет қайыршылықты кәсіп ретінде заңдастыруды қолға алды. Енді бұл қалада садақа сұраумен жан бағуды жөн көргендерге рұқсат қағазы берілетін болады. Заңдық күші бар бұл бір тілім қағазды алу үшін адамдар онлайн түрде форма толтыру арқылы немесе жақын маңдағы полиция учаскесіне барып қол жеткізе алады. Тек ол адамның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы міндеттеледі.
Қайыршылар көшеде қайыр сұрауын осылай заңдастыруы үшін 250 швед кронын төлеуі тиіс. Теңгемен шаққанда бұл орта есеппен 10 мың теңгеге жуықтайды. Ал ондай рұқсат лицензияны алуға мұрын шүйіре қарап, қайыршылық жасағандарға 4000 крон (150 мыңнан астам теңге) көлемінде айыппұл салынатын болады.
Бұл жүйені бір жақ қайыр сұрауды лицензиялау үйі-күйі жоқ пен аз қамтылғандардың жергілікті билікпен қарым-қатынасын заңды тұрғыдан реттелуіне жол ашады деп қолдаса, енді бір жақ оны аз қамтылған ондай азаматтарды одан сайын осал етудің көрінісі деп баға беруде.