АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫ БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТЕКСЕРІЛІП ЖАТЫР

Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Арыс тұрғындары терапевт, эндокринолог, офтальмолог, педиатр, онколог, психологқа қаралып, ЗОЖ мамандары мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кеңес алуда.
5 тамыздан 9 тамыз аралығында барлық аудан, қалаларда жыл сайынғы өтетін республикалық «Денсаулық жолы» акциясы өтті. «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығын тұз, қант, майлар (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбау денсаулыққа пайдасы туралы хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы өз денсаулықтарын сақтау мен нығайту. Түркістан облысының тұрғындарына арнайы медицина мамандарынан құралған мобильді топ медициналық, профилактикалық кеңестер берді. Онколог, офтальмолог, эндокринолог және т.б. дәрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елдімекендерге шығады. Сонымен бірге әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да мәлімет алуға болады.

Түркістан облысы әкімінің
баспасөз қызметі.