ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ЕҢБЕК МИГРАНТЫ БАР?

Қазақстан шетелдік мигранттар үшін тартымды мемлекеттердің біріне айналып отыр. Еңбек мигранттардың қай елде еңбек етуге көңіл құсы ауатыны анықталатын «Жаһандық таланттар нарығын талдау 2018» рейтингісінде еліміздің 77-орыннан көрінуі соған негіз. Бұл рейтингте Қазақстан 2014 жылы 129-орыннан көрінген болатын.
Жалпы өткен жылы 434 мың еңбек мигранттарына ел аумағында жұмыс істеуге рұқсат берілген екен. Ел аумағында еңбек ететін шетелдік азаматтардың ішінде Әзірбайжан, Армения, Грузия, Молдава, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина азаматтарының қатары қалың екені байқалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынше шетелдік мигранттардан бюджетке 6,2 млрд. теңге түскен.
Ал 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында көші қон қызметі арқылы елімізде 160 мыңнан астам еңбек мигранты тіркелген.

Қ. ҚАЛИЕВ.